Ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «09» қаңтардағы
№ 3 қаулысымен
бекiтiлген

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi iшкi саясат, ұлтаралық қатынастарды дамыту, саяси партиялармен және қозғалыстармен, қоғамдық және дiни ұйымдармен, этномәдени орталықтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, полиграфия салаларында  мемлекеттiк саясатты iске асыру бойынша мiндеттердi орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орган болып табылады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволық мекемесi: Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң «Аққайың аудандық iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң «Жастар бастамалары орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

Коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн шарттық мiндеттемелерге жауапкершiлiгi заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қамтамасыз ететiн бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде туады.

Коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттiк мекеменi мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiлерiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган), Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi болып табылады.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Үкiметiнiң және Президентiнiң актiлерiне, ведомстволық нормативтiк-құқықтық актiлерiне, әкiмдiктiң қаулыларына, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне және де осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ұйымдастыру-құқықтық үлгiсiнде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлдегi өз атауы бар мөрi және мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоты бар.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Коммуналдық мемлекеттiк мекемемен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасы Үкiметiмен айқындалған тәртiпте тiркеуге жатады.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып сөйлеуге құқығы бар.

7. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзiретiнiң шегiнде мәселесi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актiлерiмен ресiмделген шешiмдер қабылдайды.

8. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

9. Коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан орны: 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесi, 67.

10. Коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң толық атауы:

мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Отдел внутренней политики акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской области».

11. Осы Ереже «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыруы, басқа заңнамалық актiлермен айқындалмаса, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

13. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтерi болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне келiсiм шарт жасау қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi атқаруға құқық берiлген кезде, осы қызмет бойынша қабылданған кiрiстер мемлекет бюджетiне бағытталынады.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мақсаты мен мәнi, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мақсаты мен мәнi: мемлекеттiк егемендiктi нығайту, қоғамдық үрдiстердi демократизациялау және қоғамды бiрiктiру жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу.

15. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функцияларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сәйкес мiндеттер:

  1. қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттiк егемендiктi нығайту, қоғамдық үрдiстердi демократизациялау және қоғамды бiрiктiру;
  2. қоғамдық саяси саланы, iшкi саясат бойынша Қазақстан Республикасының заңнаманы, мемлекеттiк iшкi саясатты насихаттау мен түсiндiру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру мен әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiру;
  3. қоғамның демократиялық институттарын нығайту, «Қазақстан 2050» Стратегиясының негiзгi басымдықтарын түсiндiру және насихаттау;
  4. азаматтық бiрiгейлiк, аудан дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарды қалыптастыру негiзiнде iшкi саясат саласында концептуалды негiздер мен практикалық ұсыныстарды, сонымен бiрге қоғамды бiрiктiру бойынша ұсыныстарды әзiрлеу;
  5. өңiрде болып жатқан қоғамдық-саяси үрдiстер мен тенденцияларды және олардың дамуын жаң-жақты және объективтi түрде оқу, топтау және талдау;
  6. аудан деңгейiнде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыру, оны жүзеге асыру мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн үйлестiру;
  7. аудандағы қоғамдық саяси жағдайларды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулер жүргiзу;
  8. қоғамдық бiрлестiктермен, саяси партиялармен, қоғамдық - саяси және дiни ұйымдармен, кәсiподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкiлдерiмен өзара әрекет жасау;
  9. қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан аумағында мемлекеттiк рәмiздердiң дұрыс қолданылуына бақылау;
  10. жалпы мемлекеттiк iшкi саяси бағытты, соның iшiнде халықпен ақпараттық-түсiндiрмелi жұмыстың қалпын және амалдарын жетiлдiру негiзiнде аудан әкiмiнiң басшылығымен аудан деңгейiнде жүзеге асыру;
  11. мемлекеттiк органдармен және лауазымды тұлғалармен мемлекеттiң iшкi саясатын жүзеге асыруын, соның iшiнде Президенттiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, облыс және аудан әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау.

16.Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқа да нормативтi-құқықтық актiлерiне сәйкес функциялар:

1) iшкi саяси үрдiстердi мемлекеттiк реттеуге қатысу, iшкi саясат саласында жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды, саяси партиялардың және басқа қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн талдау, болжау және мониторингiн ұйымдастыру, ұсыныстар әзiрлеу және iшкi саяси тұрақтылықты, қоғамның топтасуын, қазақстандық патриотизмдi насихаттау және тәрбиелеу бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң тапсырмаларын, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiн, өкiмдерiн және тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

3) тұжырымдама құжаттарын әзiрлеуге қатысу, Бөлiм құзыретiне енетiн мәселелер бойынша аудан әкiмнiң және әкiмдiгiнiң қаулылары, шешiмдерi, өкiмдер актiлерiнiң жобасын әзiрлеу және сараптамаларын жүргiзу;

4) аудан туралы, билiк органдарының қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы қызметi туралы ақпараттың таралу жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi әкiмдiктiң жұмысына қатысу;

5) бөлiм құзыретiндегi мәселелер бойынша аудан әкiмдiгi бөлiмшелерiмен, облыстық iшкi саясат, дiн iстерi, жастар саясаты басқармаларымен ұйымдастыру және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

6) жергiлiктi қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өтуiн саяси қамтамасыз ету;

7) мемлекеттiң iшкi саясат мәселелерi бойынша ауылдық және селолық округтар әкiмдерiнiң, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихаттық жұмыстарының қызметi мен барысын үйлестiру және бақылау;

8) ауданның iшкi саяси өмiрiндегi маңызды мәселелер бойынша аудан әкiмдiгiнiң отырысына материал дайындауға қатысу;

9) iшкi саясат, этносаралық қатынастар саласында, Қазақстан Республикасында адам құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамасыз етуде мемлекеттiк саясатты айқындайтын тұжырымдамаларын, бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

10) ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және сыныптау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру (компьютерлiк, мәтiндiк);

11) саяси партиялар, этномәдени бiрлестiктер, құқық қорғау, дiни және басқа қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

12) Бөлiмiнiң құзыретiне енетiн ұйымдастыру-әдiстемелiк, ғылыми-зертеу жұмыстарды орындау;

13) аудандық саяси партиялар филиалдарының қызметi туралы ақпаратты жинау және талдау;

14) ауданның iшкi саяси жағдайы мен партия құрылысын талдау және болжау;

15) саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстардың өзара iс-әрекеттестiгi мәселелерi бойынша ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар, семинарлар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» және т.б. өткiзудi ұйымдастыру;

16) iшкi саяси үрдiстердi, аудандағы қоғамдық пiкiрлердiң жағдайын, азаматтардың электоралды көңiл күйiн, мемлекеттiк органдардың жұмысын жан-жақты зерттеу және талдау;

17) аудан әкiмiне iшкi саясат мәселелерi бойынша, маңызды саяси оқиғалар туралы, сондай-ақ қоғамдық-саяси саладағы, дiндегi жағдайлардың өзгеруi, мемлекеттiк органдардың ақпаратты-насихаттау және идеологиялық жұмыстары, әлеуметтiк шиеленiс көздерi және т.б. туралы талдамалық материалдарды, мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;

18) аудан аумағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiнiң қолдануын (орналастыру, үлестiру) бақылау;

19) саяси партиялар, кәсiподақтар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, дiни бiрлестiктер туралы мәлiметтердiң мониторингi;

20) ұсынылатын ақпараттың сапасы және мониторингiн жүргiзудiң жүйесiн мен әдiстемесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ауылдық және селолық округтар әкiмдерiмен, жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-әрекеттестiк;

21) аудандағы мемлекеттiк органдардың ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын медиа-жоспарларын жүзеге асыру және үйлестiру;

22) бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрi мәтiн бойынша — БАҚ) бұқаралық ақпарат құралдары жөнiнде заңнаманы сақтау бойынша мониторингiн жүргiзу;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiленген тәртiпте мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты бақылау, орналастыру және құру;

24) мемлекеттiк органдардың БАҚ-пен өзара iс-әрекеттестiгiн ұйымдастыру және үйлестiру, жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн көрсету бойынша БАҚ-пен мақсатты шаралар әзiрлеу және өткiзу, журналистердiң кәсiптiк ұйымдармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

25) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауын түсiндiру жөнiндегi ақпараттық-насихаттау топтарының жұмыстарын үйлестiру;

26) БАҚ-да жастардың патриоттық тәрбиенi насихаттау;

27) ауданның өзектi iшкi саяси мәселелерiн жедел жариялауды ұйымдастыру;

28) ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруды қамтамасыз ету;

29) мемлекеттiк жастар саясаты саласында жергiлiктi атқару органдардың жұмысын үйлестiру;

30) аудан әкiмi жаныдағы  жастар iстерi бойынша кеңестiң жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

31) Қазақстан Республикасы үкiметтiк емес ұйымдармен (бұдан әрi мәтiн бойынша — ҮЕҰ) мемлекеттiк қолдау Тұжырымдамасына сәйкес ҮЕҰ-мен өзара iс-әрекеттестiктi жүзеге асыру;

32) аудандық ҮЕҰ ұйымдастыру-тәжiрибелiк, әдiстемелiк, консультативтiк, ақпараттық қолдау көрсету;

33) ҮЕҰ үшiн ақпараттық-әдiстемелiк материалдарын дайындау;

34) дiни-ағартушылық қызметiн атқаратын  және саны аз, заңды тұлға белгiсi жоқ ұйымдар арқылы уағыздауды және түрлi дiни iлiмдер таратуды жүзеге асыратын шетелдiк азаматтар қызметiнiң мониторингi;

35) мемлекеттiк рәмiздер бойынша аудандық комиссия жұмысын ұйымдастыру;

36) дiни бiрлiстiктермен байланыс бойынша аудан әкiмдiгi жанындағы кеңес жұмысын ұйымдастыру;

37) аудандық деңгейде ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;

38) бұқаралық ақпарат саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, шетел басылымдарының таратылуын бақылау;

39) өз өкiлеттiгi шегiнде ауданда iшкi саясаттың дамуына арналған қаржылық қаражаттарды тиiмдi пайдалауының бақылауын қамтамасыз ету;

40) жастар саясаты шеңберiңде Аққайың ауданының аумақтарды дамыту бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру;

41) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мiндеттерiн орындау;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген басқа да функцияларды iске асырады.

Ведомстволық мекеменiң функциялары:

1) аумақтық жастар бағдарламасын iске асырады, Орталық шеңберiнде өндiрiс-шаруашылық қызметiн жүзеге асырады;

2) жастардың кәсiпкерлiк қызметiн қолдап, дамытады;

3) жастардың өзiн-өзi басқару нысандары дамуына қолдау көрсетiп, жастардың бос уақытын ұйымдастырады;

4) жастар арасында құқықтық ақпараттандыруы мен насихаттауын, оның құқықтарын жұмысқа орналасу, бiлiм беру және кәсiптiк даярлау (кездесулердi, семинарларды, «дөңгелек үстелдердi» өткiзу) iске асыру мүмкiндiктерiн қамтамасыз етедi;

5) жастардың интеллектуалдық шығармашылық потенциалының дамуына қолдау көрсетiп, өзiндiк iске асырылуға жағдайлар жасап, дарынды жастарды қолдап, дамытады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген басқа да функцияларды iске асырады

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Iшкi саясат мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға, бұйрықтар шығару;

2) Iшкi саясат саласындағы нормаларды, ережелер мен әдiстемелiк құжаттар мәселелерi бойынша түсiнiктеме беру;

3) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген, функцияларды жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен басқа да материалдарды ұйымдардың, мекемелер мен кәсiпорындардың, ауданнның жергiлiктi атқарушы органдарынан сұрату және алу;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, теңгерiмде тiркелген коммуналдық мүлiктi пайдалану, ие болу және иелiк ету;

5) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн барлық сот инстацияларына жүгiну;

6). «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттерi мен функцияларын орындау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктi iске асыру.

3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн ұйымдастыру

18. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн басқаруды заңамаға сәйкес айқындалған уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Өкiлеттi орган белгiленген қолданыстағы заңдардың тәртiбiмен мынадай қызметтердi жүзеге асырады:

1) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне мүлiктi бекiтедi;

2) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекiтедi;

3) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне берiлген мүлiктiң нәтижелi пайдалану және сақталуына бақылау жүргiзедi;

4) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ережесiн бекiтедi, ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi;

5) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын, құру тәртiбiн және басқару органының өкiлеттiк мерзiмiн анықтайды;

6) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының құқықтары мен мiндетiн анықтайды;

7) «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымын және штатық саны шегiн бекiтедi;

8) жылдық қаржылық есептерiн бекiтедi;

9) заңнамада белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердi және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы қолданып жүрген заңнамалардың басқа жағдайларды есепке алмағанда, аудан әкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысы болмаған жағдайда, басшы өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйке оның орнын баса тұратын тұлға атқарады.

20. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң алдына қойған мiндеттерi мен олардың қызметтерiнiң орындалуына дербес жауапты болады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының анықталған заңдарымен және осы Ережемен «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметiнiң мәселелерiн шешедi және оның құзыретiне сәйкес бастапқылық қағидатпен және өз еркiмен iс-әрекет жасайды.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң аудандық iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң қызметiнiң басшылығын iске асыру кезiнде белгiленген заңнама тәртiбiмен:

  • «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды;
  • барлық ұйымдарда «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн қорғайды;
  • қолданып жүрген заңдардың шегiнде және жағдайларында мүлiкке басшылық етедi;
  • шарттар жасайды;
  • сенiмхаттар бередi;
  • банктiк шоттар ашады;
  • бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;
  • «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн жұмысқа алады және жұмыстан босатады;
  • «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Жастар бастамалары орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң директорын жұмысқа алады және жұмыстан босатады;
  • «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Жастар бастамалары орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн жұмысқа алу және босатуды келiсiледi;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалып және босатылады, оларға көтермелеу шаралары мен тәртiптiк жазалар қолданады;
  • «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк шегiн анықтайды;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген негiзгi Ереженi сақтауды қамтамасыз етедi;
  • бағыныштылар арасында жемқорлықты болдырмау үшiн шараларды қабылдайды, оларды орындамаған үшiн дербес жауапты болады;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталуын қамтамасыз етедi;
  • мемлекеттiк кепiлдiгi туралы ерлер және әйелдердiң тең мүмкiндiктерi және тең құқығы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етедi;
  • негiзгi Ереже және құзыреттi органымен заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттердi орындайды.

21. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң зейнеткерлiк жасқа толған қызметкерлерiнiң зейнетақымен қамтамасыз етiлуi мемлекеттiк қызмет туралы және зейнеткерлiк қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi

22. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел құқығында оқшауланған мүлiгi болуы мүмкiн.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. ««Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасымен басқасы орнатылмаған жағдайда «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығару немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқы жоқ.

5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және жою

25. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiң тоқталуы ұйымдастыру (бiрiгу, қосып жiберу, бөлiну, ерекшелеу, жаңадан құру) және жойылуы түрiнде жүзеге асырылады.

26. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкiн бөлу тәртiбi жүзеге асырылады.

27. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жүзеге асырылады.

6. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi мен қарым-қатынасы

28. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi және уәкiлеттi органдардың арасындағы өзара қарым-қатынас анықталады және реттеледi.

29. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасында өзара қарым-қатынасы анықталады.

30. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс регламентiмен белгiленедi және Қазақстан Республиқасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиiс.

Мақаланы құрған күні 20.03.2018 12:34

Мақаланы жаңартқан күні 20.03.2018 12:34

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет